Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Көмекші ауылдық кітапханасы

    көмекшіКөмекші ауылдық кітапханасы бұрынғы Фурманов ауданының Ақкөл совхозының №3 бөлімшесі Көмекші селолық кітапханасы болды. Фурманов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №25 филиалы болып 2 мың дана кітап қорымен 1983 жылы аудандық клубтың жанынан ашылған. Алғашқы 1983-1984 жылдар аралығында кітапханашы болып Орал қаласының мәдениет-ағарту училищесінің түлегі Сәтимова Әсия жұмыс жасады. 1985-1988 жылдар аралығында Орал қаласының А.С.Пушкин атындғы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиет факультетінің түлегі Абдрахманова Ләйлә Әдиетқызы жұмыс істеді. Осы жылдар аралығында кітапхана қоры толықтырылып 2800-3300 дана болды.

         1988 жылдың 22 тамызынан бастап кітапханашы болып Джусупкалиева Рысты Ғазизқызы жұмыс істеді. Кітап қоры көбейіп, 4500 дана кітакөмекші кітп, 130-150 оқырман болды. 2000 жылы клуб ескіріп, кітапхана ғимараты әкімшіліктің жөндеуімен мектептің бір бөлмесіне көшірілді. 1997 жылы Казталов ауданы мен Фурманов ауданының біріктірілуіне байланысты, Казталов АОКЖ-нің №37 филиалы болып өзгертілді. Жоспар бойынша жыл сайын, ай сайын шаралар оздырылып тұрады. Тақырыптық картатекалар шығарылып тұрады, «Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын ұйымдастырылып, «Оқитын ел – озатын ел» т.б. дөңгелек үстелі өтті. Қазіргі таңда кітапхана ауылдық клубпен бірге орналастырылған. Көмекші ауылдық кітапханасында Ульянов Қуаныш кітапханашы болып қызмет атқарып келеді.