Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Киров (Саралжын) ауылдық кітапханасы

кировКиров ауылдық кітапханасы 1958 жылы «Қызыл Отау» атымен ашылған. Ол жылдары кітап қоры болмағандықтан, оқырмандарға газет-журналдар оқып беріп, жұмыстанған. Қызыл отауда Меңдігереев Отар қызмет етті. Мамандығы мұғалім. 1963 жылы клубтың жанынан кітапхана ашылып, кітапханашылық қызметті Тоқбаева Сақыпжамал атқарады. Сол кезде 1200-дей кітап қоры болған.

1972-80 жылдар аралығында Сүндетқалиева Ұлжан жұмыс істеген. Кітап қоры көбейіп 2000-2500 ге жетті. 1980 жылдары орталықтандырылған жүйеге біріктіріліп, кітап қоры ББК кестесі бойынша жинақталып, кітапхананың ішкі жұмыстары да жандана бастады. 1982-95 жылдары аралығында Салихова Лиза Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің түлегі өз ісінің маманы қызмет атқарған. Кітапханашылар қызмет еткен жылдарында түрлі шаралар оздырылды.

1995 жылы кітапхана жабылып қалды. Мәдениет саласына көңіл бөлініп, өшкеніміз қайта жанып мәдениетті қолдау жылында Киров кітапханасы 4000 кітап қорымен қайта бой көтерді. 2000 жылдан күні бүгінге Елеусинова Балжан жұмыс жасап келеді. Кітапхана 2 бөлмелі үйде орналасқан. Кітап қоры 5990 дана.