Жас ауылдық кітапханасы 1973 жылы ашылған. Ашылған жылдан бастап 2007 жылдың тамызына дейін Ибатова Балжан еңбек етіп келді. Сол кезде кітапханашы Ибатова Б. дала қостарындағы бригадаларды аралап, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен т
аныстырып, әр мерекеге, даталы күндерге байланысты ән-кештерін ұйымдастырып отырған. Одан кейінгі кездерде Нұржанқызы Айбану, Ишанғалиева Нұргүл сынды кітапханашылар жұмыс атқарды. Жас ауылдық кітапханасында бұл күнде Ибатова Индира ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетіп келеді.