1980-85 жылдары Жаңатаң ауылдық кітапханасында Бекматова Мариям қызмет атқарды. Ол кезде кітапхананың жекеменшікті ғимараты болған жоқ, қай үй бос сол жерде тұрып жұмысын атқара берді. Кітап қоры шамамен 3000-дай болды. «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Партия жоспары халық жосрапы» тарықтарында түрлі шаралар оздырылып, далақостарында қызмет еткен. 1985-87жылдары кітапханаға уақытша Максутова Мәнет кітапханашылық қызмет етеді. 1987 жылдан О
рал мәдени ағарту училищесін бітіріп келген жас маман Кереева Гүлайым кітапханашылық қызметке кіреді. Жұмысқа кіргеннен бастап кітапхананың ішкі жұмыстарына көпкөңіл бөліп, кітап қорын талапқа сай жинап, мерекелік үндерге мәдени шаралар оздырады. Кітап қоры әр жылдарда толығып отырды. 2010 жылдан бастап Жаңатаң ауылдық кітапханасына Абдрахманова Әлия кітапханашы болып жұмысқа тұрды. Әлия өз оқырмандарына заман талабына сай қызмет атқарып келеді.