Кітапхана 1957 жылы құрылған. №17 Кәсіптік лицейдің (бұрынғы СПТУ) ішіндегі бір бөлмеде орналасқан. Алғаш рет Валиева Күнипа меңгерушілік қызмет атқарды. Содан кейін Таспаева Сара атқарған.
Таспаева Сара - 1935 жылы 3 қарашада Қостанай облысы, Пресночорьков ауданында дүниеге келген. 10 жылдық мектепті 1952 жылы бітіріп, Ақтөбе қаласында 2 жылдық оқытушылар география бөлімінде оқыған. 1960 жылы Ақтөбе қаласындағы Мәдениет училищесінің кітапханатану факультетінде сырттай оқыған. Қазіргі таңда зейнеткер, Жалпақтал ауылында тұрады.
1958-1962 жылдары Жарекенова Айсұлу, Рахова Клара, Таспаева Сара. Ол кезде оқулықтар, ауыл шаруашылық, техникалық әдебиеттер келіп тұрған. Балалар кітапханасының меңгерушісі Габдушева Марфуға, кітапханашысы Карабалина Ханымай болды.
1964 жылы Фурманов аудандық балалар кітапханасы болып ашылды. Бұл жылы кітапханаға қажетті жиһаздар алынды. 1965-67 жылдары кітапхананың қоры-6000 дана, оқырман саны - 945. 1972 жылы кітап қоры - 7042 дана, оқырман саны-1032, кітап берілімі-11802, мәдени шаралар-29.
Кітапханада «Ертегілер елінде» клубы жұмыс істеді. Клуб мүшелері мектеп оқушылары болды. Театр мүшелері ертегілерден қойылымдар дайындап, Жалпақталдағы №1, №2 балабақшалардың тәрбиеленуші бүлдіршіндеріне ертегілер, қойылымдар көрсетіп отырды. Бұл күнде Жалпақтал балалар кітапханасы оқырмандарының сұранысын толық қанағаттандыруда кітапханашылар Л. Қалиева, Р. Сатиевалар еңбектеніп келеді.