Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Бозоба ауылдық кітапханасы

 

   Бозоба селолық кітапханасы ең алғаш рет «Қызыл отау» боп 1953 жылы қараша айында ашылды. Ол кезде ақсақалдардың айтуы      бойынша «Большивик кітапханасы» - атымен ең алғаш құрылған. Сол кезде тастан салынған үлкен ғимаратта «Селолық совет», екінші  бөлігінде кітапхана жұмыс жасаған. Бозоба ауылы ол кезде 500-ге тарта үлкен халқы бар, орта білімді мектебі бар 200 дей бала білім алған 10 жылдық мектеп жұмыс жасаған. Ең алғаш кітапханада шамамен 50-60 дана ОКЖ кітаптарымен және мерзімді басылымдар: Орал өңірі, Социалистік Қазақстан, Коммунизм жолы, Колхоз жолы, Пионер, Ара, Жұлдыз, Мәдениет және тұрмыс журналдарымен қамтамасыз етілген.

       Тұңғыш кітапханашы Кенжебаева Меруерт. Ол кезде 60-80-ге жуық оқырман қамтып, әдебиеттерімен, мерзімді басылымдарды таратуымен еңбек ете отырып, әр мереке сайын және ақын жазушылардың даталы күндеріне арналған кештер ұйымдастырып отырған. Сол кездегі кітапханадағы әдебиеттер өте аз жеткіліксіз және әр сала бойынша ғана санаулы еді. 1970 жылы Бозоба селолық кітапханасы жаңадан жаңғырып, жаңа ғимаратқа көшіріліп, клуб және кітапхана тұрғындарға рухани қызмет жасап келеді. Күні бүгінге кітап қоры 6688 дана. Кітапханашысы Аминова Жанерке Айбековна.бозоба_сырты.jpg