Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Беспішен ауылдық кітапханасы

бесп3шенКітапхана халық өмірінің айнасы, мәдени, рухани өмірдің көзі. Беспішен ауылдық кітапханасы 1954 жылы құрылған. Ауыл ақсақалдарының айтуынша кітапхана оқу үйі деп аталатын. 1961 жылға дейін Беспішен бөлімшесі (Бұрынғы атауы Энгельс) Казталовка совхозының бөлімшесі болып келеді. 1964 жылдан Тереңкөл қой совхозының бөлімшесі болып есептеледі. Энгельс бөлімшесін Құсайынов Кәкім басқарады. Бөлімше негізінен егін, мал шаруашылығымен айналысқан.

Соғыстан кейінгі елдің күйзелген қалпын қалыпқа келтіру мақсатында 1954-59 жылдар аралығында оқу үбесп3шен к3тйінің меңгерушісі болып Құлмағанбетов Мажит қызмет етеді. Қыс мезгілінде ауылда, жазғы уақытта далалық жұмыстарда, көктемгі егістік жұмыстарында бригадалармен жүріп жұмыстанады. Далалық қостарға барып радиоприемник, шахмат, мерзімді басылымдардан кітап көрмелерін ұйымдастырып, халыққа қызмет еткен. Мерзімді басылымдардан «Орал өңірі», «Социалистік Қазақстан», «Коммунизм жолы», «Ара», «Пионер» басылымдары алынып тұрды. 1959-1964 жылдар аралығында Қожанова Ғазиза, 1980-84 жж Сейфуллина Халила, 2002-2003 жж Жұмашева Анаргүл, 2004-2007 жж Шарипова Дина, т.б. еңбек етсе, 2007 жылдан күні бүгінге дейін Тулепова Тоты еңбек етіп келеді. Кітапхана жыл бойына 200 оқырманға қызмет көрсетсе, кітап берілімі 3450 данаға жеткен. Кітап қоры – 2902 дана әдебиетті құрайды.