Әбіш-Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты ауыл.Округ орталығы Жаңажол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде,ал аудан орталығынан оңтүстік -шығысқа қарай 43 км жерде Сарыөзеннің жағасында орналасқан. Кеңес үкіметі құрылған кезде біздің ауылда «Мойын керік» және «ТОЗ» деген ұйымдар болған.1928 жылы колхоз ұйымдасып, «Бәсеке» атанған.1934 жылдары «Сталин» колхозының орталығы «Әбіш» болып атанды. Ауылда 20 үй болып қызыл отау жұмыс істеген. Ауылдағы малшылармен механизаторлардың балаларын оқыту мақсатында 1969 жылы алғашқы бастауыш мектеп ашылды. 1980 жылы мәдеиет үйі салынып , бір бөлмесі кітапхана болып ашылды. 1985-1989 жылдарда кітапханашы болып Жұмағалиева Жұмағаным , одан кейінгі жылдарда Ихсатова Света жұмыс істеді. Ал 1989-1997
жылдар аралығында кітапханашы Байдуова Қымбат жұмыс істеді. 5000 кітап қоры, халық саны 185 болды. 1997 жылдары аудан тарап Казталов ауданына біріктірілген кезде мәдениет үйімен бірге кітапхана да жабылып қалды. Содан 2017 жылы жылы екі пәтерлік үйдің бір жағы кітапхана болып ашылды.Кітап қоры -7000 мың, халық саны - 260. Кітапханашы болып Байдуова Қымбат ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде.