Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Аққурай ауылдық кітапханасы

аққурайАққурай ауылдық кітапханасының іргетасы 1956 жылдары қаланған. Алғашында «Қызыл отау» атымен құрылып, егіндік алқапта жұмыс жасайтын жұмысшыларға үгіт бригадасы арқылы жұмыстар жүргізілді. Сол кездерде Шильный-балка ауылдық кітапханасында 1956-1959 жылдары Әлдекешова Марзия, 1959-1963 жылдары Сұлтангереева Зауре, 1963-1966 жылдары Губаева Насиха, 1966-1971 жылдары Досжанова Жұпар, 1971-1974 жылдары Мұханова Қарлығаш есімді кітапханашылар жұмыс істеген. Кітапхана ғимараты әр жылдарда көптеген орындарға көшті. 2006 жылдан бастап Аққурай ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.   Қорда 6229 дана кітап бар, соның ішінде 3909 данасы қазақ тілінде. 2004-2008 жылдарыаққурай кіт Измұханов Азамат еңбек етті. Білімі агроном. Ер азамат болса да өз ісінің шебері бола білді. Кітапханада «Атамекен» клубы жұмыс жасайды. Жыл санап кітапхана оқырманы да өсуде. Материалдық-техникалық базасы да жақсарып келеді. Бүгінде кітапханада кітапханашы Рахымғалиева Гүлстан ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді.