Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

WhatsApp Image 2025 03 31 at 150155📚Кітап қай уақытта да құндылығын жоғалтпайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдниеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды фортматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын.
📚Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мекені. Сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі орда. Ауыл кітапханаларын модернизациялау жобасы аясында Казталов аудандық орталық кітапханасын «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен, «Тана» қоғамдық қоры модернизациялау жобасы бойынша кітапхана заман талабына сай қажетті жаңа технологиямен, қажетті құрал жихаздармен жабдықталып, кемел келешек үшін оқырмандарға қуаныш сыйлауда. Бүгінде кітапханамыз білім іздеген жастардың шығармашылығын дамытуға арналған жаңа форматтағы руханият ордасына айналып отыр.

1 бет. Барлығы: 10