Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мәдени шаралар 2019

«Жайықтан ұшқан аққу жыр»

  Ақжайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваның  75 жасқа толуына орай  оқу марафоны Теректі ауданынан  бастау алып, оған онлайн байланыста барша аудан облыс кітапханалары қатынасып отырды. 

  Осы орайда ақын А. Бақтыгерееваның 75 жасқа толуына Теректі аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілуге тиісті байқауына біздің аудандық кітапханалар жүйесінен әдіскер Г. Базартаева «Жайықтан ұшқан аққу жыр», оқу залы кітапханашысы Б. Айтмағанбетова «Жайықтан ұшқан аққу жыр» тақырыптарында инновациялық әдістемелік құралдар жасақталса, ақынның жыр әлемін өлеңге қосқан «Арнау» жазып байқауға қатысқан Қараоба ауылдық моделді кітапханасының кітапханашысы Л. Бердіғалиева, Жалпақтал моделді кітапханасының жетекшісі М. Ғазизова, Бостандық ауылдық кітапханасының кітапханашысы А. Еслямғалиевалар өз арнауларын жолдады, нәтижесінде АОКЖ әдістемелік бөлім жетекшісі Г.Базартаева алғыс хатқа ие болды. Осы байқауға қатынасқан кітапханашылар жұмыстары «Ақ Жайықтың Ақ Шағаласы» атты кітапшаға енді.

Рисунок60  Рисунок61

  «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай»

Желтоқсан айында Қазақтың халық ақыны, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» атты қашықтықтан аудандық байқау әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен оздырылды. Байқауға 3 бөлім (тур) бойынша 30 оқырман қатынасып, «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» байқауының І бөлімі арнау жазу бойынша жүлделі І орынды Жаңатаң ауылдық кітапханасының оқырманы Омарова Ақмарал, ІІ орынды Казталов аудандық моделді кітапханасының оқырманы Есенғазиев Абзал, ал ІІІ орынды Қарасу ауылдық кітапханасының оқырманы Еслямғалиева Аяжан иеленді. Ал, «Фаризаның жыр әлемі» атты ІІ бөлімі бойынша ақынның өлеңдерін оқуда үнтаспа жазу (видео) жасақтауда жүлделі І орынды Қайыңды ауылдық кітапханасының оқырманы Майшина Сәндігүл, ІІ орынды Бірік ауылдық моделді кітапханасының оқырманы Насырова Толқын, ал ІІІ орынды Бостандық және Болашақ ауылдық кітапхана оқырмандары иеленді. Ал ІІІ «Қазақтың аяулысы перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты» бөліміне қатысып     жүлделі   І орынды Жас ауылдық кітапханашысы Ибатова Индира, ІІ орынды Талдықұдық ауылдық кітапханашысы Ж. Баймағанбетова, ІІІ орынды Жаңатаң ауылдық кітапханашысы Абдрахманова Әлия иеленді, басқа да қатынасушыларға белсенділік танытқан үшін алғыс хаттар берілді. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар ақынның кітаптарынан инсталяция жасақталды.

 Рисунок54  Рисунок55  Рисунок56

«Кітап – тарих, кітап – қазына» 

   21 қараша күні аудандық кітапханада «Кітап – тарих, кітап – қазына» атты шара өтті. Шараны өткізудегі мақсат жыл бойы кітапханамен тығыз байланыста болған оқырмандарды марапаттап, құрмет көрсету.
   Шарада сөз алған кітапхана әдіскері Гүлжан Базартаева: -ХХІ ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Жаңа ғасыр, жаңа әлем, ғаламтормен достасқан ұрпақ десек те, бар білімнің қайнар көзі кітапханада. Аудандық кітапханада түрлі байқаулар өткізіліп, ақын-жазушылар туралы түрлі бағыттағы кештер ұйымдастырып келеді. Бәрімізге белігілі келер жылы Абай Құнанбаеватың 175 жылдығы тойланбақшы. Осыған орай кітапханада түрлі іс-шаралар атқарылуда, -деді.
   Аудандық кітапханада өткен шараларға белсене қатысып жүрген тұрақты оқырмандарына естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге «Нұрбалапан» бөбекжайының бүлдіршіндері көрініс көрсетсе, қазақтың қара домбырасымен кітапхана қызметкері Аян Айтмағанбетов «Бұлбұлым» әнін шырқап, А.Оразбаева мектебінің оқушысы Рүстем Нұрланұлы Дәулеткерейдің күйін орындады.
Шара соңында тұрақты оқырмандары Мирболат Мырзағалиев, Тәшекен Ғаббасов, Абзал Есенғазиев ізгі тілектерін білдіріп, кітап оқуға шақырды.

           Рисунок51  Рисунок52                                               Рисунок53

«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік»

  Барлық жүйе кітапханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» атты семинар кеңесі қазан айында оздырылды. Оған барлық кітапханашылар қатынасты. Семнар кеңесте АОКЖ дтректоры семинардың ашылуында сөйлеп сәттілік тіледі. Одан соң «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында әдістемелік бөлім жетекшісі заманға сай кітап көрмелер инсталяциясымен таныстырып, түрлі инсталяциялар түрлерін слайд арқылы көрсетті. «Кітапханашының іскерлігі»   айдарымен белгіленген тақырыпта әдістемелік бөлім әдіскерінің тренингі ойналса, балалар кітапханасының жетекшісінің «Кітапхана арқылы балаларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге тәрбиелеу» атты тақырыбында сөз болды, «Өз жеріңді танып біл!»       /Библио конверт/ балалар ісі жөніндегі әдіскердің ұйымдастыруымен ойнатылды. «Кітапхана жаңа шешімдер мен көкжиектер» облыстық кәсіби шеберхана семинарынан іс-тәжрибе алмасу /Жаңатаң ауылдық кітапханасының кітапханашысы А. Ж. Абдрахманованың тәжрибесінен болды/. Одан әрі жобалар таныстырылымын библиограф жүргізді. Осындай кәсіби шыңдау бағытындағы шаралар әр кітапханашының жұмыстарын алға апару үшін қажет екендігі және көптеген мағлұматтар алғандығын кітапханашылар ортаға салып ризашықтарын білдірді.

Рисунок57  Рисунок58  Рисунок59

«Кітапхананың кешкі әлемі» библиокеш

 Жас оқырмандар арасында «Кітапхананың кешкі әлемі» атты библиокеш өтті. «Библиокеш» акциясы – оқуға қолдау көрсету мақсатында бір мезетте өтетін үлкен шара. Акцияның  негізгі мақсаты - кітапхана, балалар мен ата-аналар арасында байланыс жасау; сонымен қатар кітап оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену. Кешке оқушылар ата – аналарымен келіп қатысты. Библиокешке келген жас оқырмандарды ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Әр бөлімде өтетін шараларға сілтемелер жасалып, кеш бағдарламасы бойынша оқушылар «Өзіңе сыйлыққа кітап ал» таңдаған кітаптарын алды. Балалар бөлімінде бүлдіршіндерге «Екі лақ» ертегісін «Қуыршақ театры» сомдап, « Толағай» ертегісін тамашалады. «Көңілді күн» сергіту сәті ұйымдастырылып, « Шебер қолдар» үйірмесінің бұрышы жасалып, оқушыларға қолөнер бұйымдары таныстырылды. Жас оқырмандар үшін «Ертегілер әлемінде» атты әдеби - лото ұйымдастырылып, лотода жасырылған ертегі атауларын шешті. Кітапхананың екінші қабатында «Латын әліпбиі» кітапханалық бульвары өткізіліп, оқушылар асықтан «Ханталапай», доминодан сөйлем құрастырып ойнады. Кітаптардан көрме шығарылып, оқушыларға таныстырылды. Кеш соңында тәтті торттар мен сусындар дайындалып, оқушыларға ұсынылды. Осындай шаралар барлық кітапханаларда бір мезетте оздырылып, облыстық кітапханаға нәтижесі уақытында берілді.

 Рисунок46  Рисунок47   Рисунок50                        Рисунок49  Рисунок48

 Ауғаныстан жерінен шыққанына 30 жыл 

   КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына биыл 30 жыл толуына орай әр түрлі тақырыпта кездесу кештері  ауылдық кітапханаларында   өтті. Ауған жеріне барып Отандық борышын өтеп келген жерлес ағаларымыз қатысты. Шара да  Казталов ауданы мен Ақпәтер, Әжібай кітапханалары бір – бірімен  онлайын байланысқа  шықты. Шараларда Ауған соғысының тарихы айтылып, шақырылған қонақтар өздерінің сол кездегі басынан өткен оқиғалары жөнінде айтты. Ауған жауынгерлеріне арналған арнау өлеңдер оқылып, видео көрсетілді.

Рисунок39  Рисунок40Рисунок41

«Оқырман отбасы-2019» 

    Казталов аудандық моделді кітапханасында «Оқырман отбасы-2019» аудандық байқау оздырылды. Казталов аудандық моделді кітапханасының ұйымдастыруымен болған шара оқырмандар арасында кітап оқу аясын кеңейтіп, мәдениетін жетілдіру кітапқа деген оқырмандардың сүйіспеншілігін арттыру мен қатар ата-ана жауапкершілігі ішкі отбасылық қарым –қатынас сияқты отбасылық тәрбиедегі іс- тәжірибелердің жағымды жақтарын тарату. Байқау «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы», «Менің оқырман отбасым», «Ерте, ерте, ертеде...», «Менің отбасымның сүйіп оқитын кітаптары» болып, 4 кезеңге бөлінді. Алғашқы бөлімде әділқазылар қатысушылардың дайындаған отбасылық сүйіп оқитын кітаптарынан құрылған көрмемен танысса, кейінгі екі сынақта оқырман отбасы өз жанұяларын таныстырып, отбасымен оқитын кітаптарынан эссе жазып тапсырды. Ал байқаудың келесі бөліміндегі ертегілерден сахналық қойылымдарына көрермендер шын риза болды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Казталов ауылынан Ниғметовтар отбасы, 1-ші орынды Қараөзен ауылынан Қатауовтар отбасы, 2-ші орынды Қарасу ауылынан Хасановтар отбасы, 3-ші орынды Жалпақтал ауылынан Хайровтар отбасы иеленді.

Рисунок36  Рисунок38

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

  Ауылдық кітапханаларда Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында көп балалы жас аналармен әр түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер, кездесу кештері,қонақжай кештері өткізіліп, өткен күндерде белгі бар дегендей жастық шақ, бала тәрбиесі, болашақ өмір туралы келелі мәселе көтеретін әңгіме дүкен құрылды. Қазіргі таңдағы қоғамдағы көп балалы ананың алып отырған орны, көрсетілетін көмек пен балаға төленетін жәрдемақының мөлшері, күнделікті тұрмыс қиындықтары мен бала тәрбиесіндегі шикіліктер жайлы мағыналы әңгіме өрбіді. Шара барысында кітапханаға саяхат жасалып, тақырыпты ашатын бейнекөріністер көрсетіліп, әндер орындалды, әйел-аналар бір-біріне деген ақжарма тілектерін жеткізді.

Рисунок42  Рисунок43  Рисунок45

"Бос уақытыңды кітапқа арна"

    Биылғы 2019 жыл ерекше жыл, өйткені Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында – «Жастар жылы» деп жарияланған болатын.Жалпы жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – кітапхана қызметкерлерінің басты мақсаты.Соған орай аудандық кітапханада оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттайтын "BOOK READ" жобасы аясында "Бос уақытыңды кітапқа арна" атты әртүрлі бағытта кештер ұйымдастырылды. Бұл шарада жастар өздері оқыған кітаптарын талқыға салды.

Рисунок33  Рисунок34  Рисунок35

«Жұбан жырдың сарқылмас дариясы»

    Казталов аудандық кітапханада Ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында  ақынның «Мен Қазақпын» поэмасына 55 жыл толуына арналған «Жыр толғауы Жұбан» атты оқу марафоны өткізілді. «Жұбан жырдың сарқылмас дариясы» атты поэзия кешінде оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. 

Рисунок31  Рисунок30  Рисунок32