Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мәдени шаралар 2018

«Үздік кітапханашы-2018» 

    Кітапхана мен оқырман арасын жалғап тұрған кітапханашы екені сөзсіз. Сол кітапханашылардың біліктілігін таныту мақсатында аудандық «Үздік кітапханашы-2018» байқауының ережесі жасақталып, барлық кітапханашыларға таратылды.   Ережеге сай белгіленген мерзіміне 18 кітапханашы құжаттарын дайындап тапсырды. Басшылықтың құрған комиссиясымен байқауға қатысқан үміткерлер сарапталып, ережеге сай деп 5 ауылдық кітапханашыны таңдалып, олардың ішінен аудандық модельді кітапханасының кітапханашысы Ботагөз Айтмағанбетова «Бас жүлдеге» ие болып, аудандық «Үздік кітапханашы» атағын алды. Одан кейінгі І орынды барлық жинақталған құжаттарының ұқыптылығы мен жаңаша жұмыс түрлерін насихаттап және кітапханалық жобамен жұмыстанып келе жатырған Жаңатаң ауылдық кітапханашысы Әлия Абдрахманова, ІІ орынды Талдықұдық ауылдық кітапханашысы Жанна Баймағанбетова, ал ІІІ орынды Бостандық ауылдық кітапханашысы Раушан Шодаева және Шакен ауылдық кітапханашысы Нұрсәуле Қойшекеновалар иеленді.

Рисунок27  Рисунок28  Рисунок29

 «Қайырымдылық жылы жүректен» атты кездесу кеші 

    Казталов аудандық кітапханада 20 қараша күні қайырымдылық айына орай «Қайырымдылық жылы жүректен» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.Шараға зағип және мүмкіндігі шектеулі жандар сонымен қатар жартылай стационарлық жағдайда «Қамқор» күндізгі болу орталығының мұғалімдері оқушыларымен қатысты.Сонымен қатар Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер жөніндегі маманы Бақытжамал Базарғалиқызы қатысты. Алдымен кітапхана директоры Гулдана Хамитқызы өз жылы лебізін білдірді. Казталов ОЖББ мектебінің 10 сынып оқушылары көркем сөз оқыды.Сонымен қатар Суйншкалиев Рустем мен Есенбеков Нүркен «Сол күрең», «Балбырауын» күйлерін орындады.Шарада «Жүректі жылытар мейірімділік» атты тренинг ойнатылды. Шара сонында қонақтарға арнап дастархан жайылды.

Рисунок24  Рисунок25  Рисунок26

Қараоба ауылдық кітапханасына «Моделді ауыл кітапханасы» сертификаты табысталды

      ҚР Конституциясы күні қарсаңында Қараоба ауылдық кітапханасы жаңа орынға көшіріліп, жаңа заманғы жиһаздармен жабдықталып, оқырман сұранысына сай жаңа технологиялармен толықтырылып, моделді кітапхана болып ашылған болатын. Осы шара барысында аудандық мәслихат хатшысы С. Молдашев жаңа моделдік кітапханаға көшіп отырған Қараоба ауылдық кітапханасының ұжымына шығармашылық табыс тілесе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова, облыстық басқарма басшысы Қадырболат Мұсағалиевтың атынан ауыл кітапханашысы Лаура Бердіғалиеваға «Моделді ауыл кітапханасы» сертификатын табыстады. Бұл шараға Бөкей ордасы, Жәнібек ауданынан келген қонақтар кітапхананың Елбасының сарабдал саясаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР ішкі жұмыстарымен танысып, аралап, көркемөнерпаздар концертін тамашалады.

Рисунок20   Рисунок21  Рисунок22  

«Ауыл кітапханаларының фестивалі» 

       Тамыз айында аудандық Мәдениет үйінің үлкен сахнасында «Ауыл кітапханаларының фестивалі» аудандық жобасы шара болып өтті. Рухани шарада әннен шашу шашылып, мың бұрала би биленіп, зияткерлік ойын ойнатылып, көрініс те көрсетілді. Сонымен қатар «Алаш арыстары», «Жүректен жүрекке», «Book friend of time», «E-book», «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты кітапханалық жобалар таныстырылып, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова фестиваль статуэткасын Ақжайық аудандық кітапхана директоры Роза Мұсағалиева табыстады. 

Рисунок17  Рисунок18  Рисунок19

«Ел жүрегі - Астана»

      Астана қаласының 20 жылдығына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жасөспірім оқырмандар арасында «Ел жүрегі - Астана»  атты  байқау  ұйымдастырды. 

      Байқаудың мақсаты - Астананың әлем мен ел алдындағы маңызын, алар орнын, даму сатыларын өлеңге арқау ете отырып, сол арқылы елді, жерді, Отанды құрметтеудің үлгісін жасөспірімдердің санасына сіңіру, шығармашылық қабілеттерін ашу болатын.
Байқаудың ашылуымен аудандық кітапхана директоры Гүлдана Даулетова құттықтап, үміткерлерге сәттілік тіледі. Байқау «Армандарды асқақтатқан Астана»,  «Жырға  қосам мен сені мәңгі Астана», «Менің Астанаға тартуым» атты кезеңдерден тұрды.
     Байқау қортындысы бойынша  Қарасу ауылынан Алихан Уахитов 1 орын алса, Талдықұдық  ауылынан Ақбөбек Нариманқызы мен Болашақ ауылынан Зура Қаби 2 орынға ие болды.  Ал 3 орынға  Қараөзен  ауылынан  Шырын Мұхтарова мен Қошанкөл ауылынан Ақерке Бисенова , Бостандық ауылынан Жасқайратов Айдынбек иелік етті. Байқауға қатысып, белсенділік танытқан қалған үміткерлер алғыс хатпен мараптталды.

 Рисунок15  Рисунок16

 Жалпақтал ауылдық кітапханасына «Моделді кітапхана» сертификаты табысталды

      Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығы қарсаныңда Жалпақтал ауылдық моделді кітапханасы ашылды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы, ауыл әкімі Самиғолла Акмурзин және мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Шараны аудан әкімі А.А Шыныбеков құттықтау сөзімен ашып, «Моделді кітапхана» сертификатын табыстады. Сөз кезігінде ауыл тұрғындары өз лебіздерін білдірді. Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасы және Казталов аудандық кітапханасымен ойнлайн байланысқа шықты. Шара сонында Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Хамитқызы өз құттықтауын білдіріп, жаңа жұмыс түрімен таныстырды.

Рисунок13  Рисунок14

 «Рухани жаңғыру:Туған жер – тұнған тарих»

      Кітапхананың әдістемелік бөлімі ұйымдастыруымен Елбасымыздың мақаласы аясында ауылымыздың өлкетанушы, тарихшы, ұстаз, әрі ақын С. Рахметов ағамыздың шығармашылығына арналған «Рухани жаңғыру:Туған жер – тұнған тарих» атты сыр сұхбатты ауданның рухани залында өткізіп, кейінгі ұрпаққа өлкеміздің тарихшысы аға буынды таныстырып, сыр сұхбат болып өтті. Біздің ауылымыздың табиғаты бай алуан түрлі; өзен-көлі, кең даласы, жайқалған шалғыны көз тартады. Осының бәрін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, болашақ ұрпағына аманат еткен болса, оны ары қарай жалғау біздердің міндетіміз.  Күні кеше ғана жарыққа шығып, тұсау кесері өткен, сиясы кеппеген «Қарақоға. Қараөткел. Көмекші» атты кітабынын  жазудағы С.Рахметов ағаның өлке туралы кітап жазудағы ізденісі туралы өз аузынан тыңдалды. Оқырмандар қызықты, толғандырар сұрақтарға толық жауаптар алды.

Рисунок11   Рисунок12

     Кітапханашылар арасында «Қадыр оқулары» байқауы өтті.

     Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері арасында мемлекет сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Əлидің шығармаларын насихаттау мақсатында аудандық «Қадыр оқулары» өтті. Байқауға 25-50 жас аралығында қатысқан кітапханашылар ақынның өлеңдерін мəнерлеп оқу, актерлік шеберліктерін көрсету, нақыл сөздерін жақта оқу сынды бөлімдерде бақтарын сынады.  Шарада сөз алған кітапхана əліскері Гүлжан Базартаева барша қатысушыларда сəттілік тіледі. 
     Əділқазылардың əділ бағасының нəтижесінде жүлделі 3 орынды Жұлдыз ауылының кітапханашысы Нұрсəуле Қойшекенова мен Жас ауылының кітапханашысы Индира Ибатова, 2 орынды Бозоба ауылының кітапханашысы Балауса Сапарова иеленсе, 1 орынды Қазталов аудандық кітапханасының кітапханашысы Данагүл Хайдар қанжығалады. Ал БАС ЖҮЛДЕНІ Жалпақтал орталық кітапхананың кітапханашысы Мөлдір Ғазизова жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. 

Рисунок8  Рисунок9  Рисунок10

«Кітап – сарқылмас рухани әлем»

     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Казталов аудандық моделді кітапхана кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітап – сарқылмас рухани әлем» жобасы бойынша  Казталов ауданындағы мекеме, кәсіпорындарға барып, қорымыздағы кітаптарды насихаттап, оқырмандарымызға ұсынылды.

Рисунок5  Рисунок6  Рисунок7

Қазақтың ақиық ақынына арналған әдеби шара өтті  
       9 ақпан күні аудандық кітапханада қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті.
Кеште аудандық кітапхананың директоры Гүлдана Дәулетова: Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі әр шығармасынан өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия құдіретіне бас игізген – Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дүние де анау-мынау ұсақ-түйек күйкі тіршілік емес, пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді, -деді. 
     Шара кітапхананың қызметкері Əсет Рахимовтың Мұқағали ақынның образын шебер сомдай отырып "Бұлқынып жатыр" өлеңін мəнерлеп оқудан басталды. Одан кейін «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді сахналанды. Сонымен қатар кеште сергіту ойыны да ойнатылды. 
     Шара соңында аудандық кітапхананың əдіскері Гүлжан Базартаева сөз алып, əсерлі де мағыналы шараға қатысқан кітапхананың оқырмандарына алғысын айтты. Сондай-ақ шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табыс етілді. 

Рисунок3   Рисунок4

«Латын әріпі – болашақтың бағдары» /Тэйбл-ток/

        Мақсаты: "Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру. Таяу жылдарда атқарылатын қызметтер жайлы мәлімет беру.

Латын әліпбиін меңгеруге шақыру.

Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру.

Жасөспірімдерді бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

        Кешімізде жастар мен 8-9 сынып оқушылары латын қарпіне ора оздырылған шарада екі топ жазу бағытын тексеру бағытында

“Асық терапиясы” оздырылды.

     2018 шара1     Рисунок2