Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Мәдени шаралар 2017

 

"Мәңгілік елдің көшбасшысы - Нұрсұлтан"

29 қараша күні аудандық кітапxанада 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Мәңгілік елдің көшбасшысы - Нұрсұлтан" атты дөңгелек үстел өтті. Шарада сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапxаналар жүйесінің әдіскері Гүлжан Базартаева барша шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, әр ауылдық округте де осы мерекеге қатысты шаралардың өту барысына тоқталды. Дөңгелек үстелде Елбасының күні бүгінге дейін өз қаламынан шыққан әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ шарада Елбасы күніне арналған бейнебаян да жұртшылық назарына ұсынылды.

29қараша229қараша1

«Латын әліпбиі-болашағымыздың бастауы» 

 6 Қараша күні аудандық кітапхананың оқырмандар қамту бөлімінің ұйымдастыруымен , Аудандық қамқорланушылар қызметкерлеріне және қамқорланушыларға «Латын әліпбиі-болашағымыздың бастауы» атты библиографиялық шолу ұйымдастырылды.

Кеш барысында қызметкерлерге латын әліпби туралы бейне ролик көрсетіліп, баяндама оқылды. Сонымен қатар «Латын әдебиеттері» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жа

 6 қараша

 

«Қарттарым аман болсын»

  16 қазан күні қайырымдылық айлығына орай Аудандық әлеуметтік қамқорланушылардың мекмесіне барып «Қарттарым аман болсын» атты әдеби сазды кеш оздырылды. Кітапханашы Р.Айтболатова «Үлкенге құрмет» атты өлеңін оқып, арнайы дайындалған бейне ролик көрсетілді.

16 қазан

 

"Қайырымдылық-қасиетті іс"

  6 қазан күні қайырымдылық айлығы аясында аудандық кітапxана қызметкерлері тыл және еңбек ардагері, Қазталов ауданының "Құрметті Азаматы" Иxсан Құтxожин мен кітапxана саласында ұзақ жыл еңбек еткен зейнеткер Бағила Қажымованың шаңырағында болып, қал-жағдайларын білісті. Аудандық кітапxана қызметкерлері қариялармен емен-жарқын әңгімелесіп, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыс етті. Осындай көрсетілген құрмет үшін қариялар алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

6қазан

 

«Мемлекеттік тіл – татулық ұйытқысы»

  22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазталов мектебі жанындағы жатақханадағы оқушыларға «Мемлекеттік тіл – татулық ұйытқысы» атты шара өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарға мемлекеттік тілдің маңызын, қасиетін ұғындыру, елін, жерін, өз тілін, Отанын сүюге тәрбиелеу. 
Шара барысында «Тіл туралы» заңы жөнінде кеңінен айтылып, бейнекөріністер көрсетілді. Жатақхана оқушылары қазақ тіліне арнап жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.
Шара соңында қазақ тілі туралы кітапкөрмеге шолу жасалды. 

тілдер

 

«Азат елдің ар намысы-Ата заң»

 28 тамыз күні аудандық кітапханада Конституция күніне арналған «Азат елдің ар намысы-Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде «Казталов » шекара заставасының бастығы Досманбетова Қайсар, Казталов полиция капитаны Нұркен Калманов, Аудандық Әділет басқармасының бас маманы Темрешева Аягүл,- Ата заңсыз мемлекет болмайды, еліміздің болашағы қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Сондықтан да Ата заңды құрметтеуіміз қажет,-деген өз ойларын білдірді.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде аудандық ішкі істер бөлімінің машықкері Кереева Айтолқын Ата заңға арнап шығарған өзінің шығармасынан оқыса, Ақтау қаласының 51809 ә/б батальон командирінің МТҚ жөніндегі орынбасары, капитан Дүйсенов Радик өзінің саласы бойынша заңның қолдану тәртібі жөнінде айтып өтті. Дөңгелек үстелде Конституция туралы слайд көрсетіліп, кітапкөрмеге шолу жасалды.

  конст

 

«Мен Абайды оқимын»

  25 тамыз күні Аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Мен Абайды оқимын» атты ағартушылық поэзиялық акциясы аясында «Абай дара, Абай дана қазақта» атты кітап көрме жасақталды. Келген оқырмандарға Абай атамызға қатысты сұрақтар қойылып, Өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

акция

 

«ЭКСПО-2017-Қазақстанның болашағы»

11 тамыз күні аудандық кітапханада «ЭКСПО-2017» халықралық көрмесіне арналған «ЭКСПО-2017-Қазақстанның болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов,- Елордамыз Астана қаласындағы «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізіліп отырған алғашқы көрме. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ілгері дамуы жолында үлкен қадамы болмақ,-деді.

Сонымен қатар Казталов орта мектебінің қазақ тілі, әдебиет, мұғалімі «Экспо -2017» көрмесін тамашалап келген Есенғазиев Абзал көрмеден алған әсерімен бөлісті. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Хайдар Данагүл, кітапхананың оқырманы Жарасбаева Наргиза және Хайрукова Аружан Астана туралы өлеңдер оқыса,жастарға арнап «Экспо-2017» көрмесі туралы викториналық сұрақтар қойылды.Сондай-ақ кітапхана әдіскері Егізалиева Жазира «Болашақтың қуаты-ЭКСПО-2017» атты кітапкөрмесіне библиографиялық шолу жазалды.

 експо

 

"Гүлденген Астана - Елбасымен бірге"

 2 шілде күні аудандық кітапханада Астана күні мерекесіне арналған "Гүлденген Астана - Елбасымен бірге" атты шара оздырылды.
Шарада сөз алған аудандық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова мен аудандық жастар демалыс ортылығының әдіскері Нұрия Хабибуллина: -Бұл мереке әрбір қазақтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімін шындай түсуде. Жас Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Сүйікті қаламыз тек көркейіп, жайнай берсін деген тілектерін жеткізді.
Шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының құттықтауы мен "ЭКСПО - 2017" көрмесіндегі "Нұр әлем" павильоны жөнінде бейнеролик көрсетілді.
Сондай-ақ шарада кітапхананың жас оқырманы Айша Русланқызы "ЭКСПО - 2017" көрмесінен алған әсерімен бөліссе, кітапхана қызметкерлері Астана туралы өлеңдер оқып, кітапкөрмеге шолу жасады.

астана

 

«Рәміздер тәуелсіздік белгісі»

   2 маусым күні Аудандық кітапханада ҚР Рәміздері күніне орай «Рәміздер тәуелсіздік белгісі» атты ауызша журнал өтті.

Шарада Рәміздердің құндылықтары туралы бейне таста көрсетілді. Кітапханашы Алимова Жанна «Тұғырың биік болғай туған елім» атты көркем сөз оқыды.Сөзжұмбақтар,ребус шешілді.

Сонымен қатар Каримова Аружан,Мақсот Инабат,Сарсенғалиева Асел,Аронов Ернар, Ерболат Ханзада сынды оқушылар көркем сөздер оқылды.Шара соңы Ала Қазақстан атты флеш мобпен аяқталды.

рәміз

 

 «Қасіретті жылдар жаңғырығы»

  30 мамыр күні «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты 31 мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудандық орталық кітапханада оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева,қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, жастар өкілдері,ардагер ұстаздармен,кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Конференцияда сонымен қатар Әжбай ауылының тұрғыны Оразбай Жұмағұлов «Бесеудің хатын» жазған Мансұр Ғатаулин, ардагер ұстаз Шәрипа Неғметова алаш орда сезьіне қатысқан атасы Ибрагим Мулкашев жөнінде естеліктермен бөлісті.Сондай ­– ақ   «Алаш арыстары» жөнінде жастар жырлар оқып, конференция С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңімен түйінделді.Конференция соңында кітап көрмеге шолу жасалды.FB IMG 1496151201719

 

«Ұлы жеңіс-Жасасын!»

 4мамыр күні аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастыруымен «Ұлы жеңіс-Жасасын!» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне аудан орталығында тұратын тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері және аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.Кездесу кешінде сөз алған аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова,- кешке қатысушы ардагерлер мен қонақтарды Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтап, еліміздің ешқашан соғыс болмасын-деген тілегінжеткізді. Кеш барысында қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова туралы бейнефильм көрсетіліп, «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасыныңбүлдіршіндері мен мектеп оқушылары әзірлеген әдемі билер биленіп , өлеңдер оқылды. Кеште мектеп оқушыларынан құралған «Әскери патриодтық азамат» клубы және «Қоян-қолтық шайқасы»клубының мүшелері өздерінің өнерлерін ортаға салып, шараға қатысушы қонақтардың алғысына бөленді.

FB IMG 1493900912477

 

 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Наурыз мерекесі тойланды.

 16 наурыз күні аудандық орталықтандырылған кітапханада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Наурыз мерекесі тойланды.Кешке аудандық мәдениет тілдер дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.Сондай – ақ шарада Казталов орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ән мен биден шашу шашты.

Шараға келген ата-әжелеріміз осындай шараны ұйымдастырған аудандық кітапхана ұжымына алғыстарын жеткізіп, қуанышпен тарасты.

22наурыз

 

«Ана өмірдің шуағы»

 3 наурыз күні 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық кітапханада «Ана өмірдің шуағы» атты ардагер кітапханашылармен кездесу өтті.Бұл мерекелік шара өткізіліп жүрген басқа шараларға қарағанда өзгешелеу өткенін айта кеткен жөн. Олай дейтініміз – кітапхана ұжымындағы ер азаматтар нәзік жандылар мерекесіне жоғары белсенділікпен ат салысты. Күнделікті қызмет киімдерінің орнына штаттық киім кигенде олар тіпті өзгеріп шыға келген.Олардың мерекелік ән жырдан және әзілден шашу шашулары тіпті керемет!

Сонымен қатар облыстық кітапхана директорының орынбасары Сара Кенжебайева онлайн арқылы барлық кітапханашыларға мерекелік сәлем жолдаса, аудандық кітапхананың директоры Гулдана Дәулетовада көктем мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.Мерекелік кездесуге қатысқан ардагер кітапханашылар осындай мазмұнды кездесуге шақырғандары үшін бүгінгі ізбасарларына алғыстарын білдіргі.

8наурыз

 

 

«Алғыс айту парызым»

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Казталов орта жалпы білім беретін және Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектептерінде Аудандық кітапхана мен мектеп кітапханасымен бірігіп 6 сынып пен 3 сынып оқушыларына «Алғыс айту парызым» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.

Тәрбие сағатында ризашылық пен алғыс туралы түсінік беріліп, Алғыс айту күні туралы бейнетаспа көрсетілді. Сонымен қатар «Амандасу» және «Алғысым шексіз» тренингтері жүргізілді.

 алғыс

 

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғавлиевтің 65 жасқа толған мерейтойына орай әдеби-сазды кеш

 28 ақпан күні аудандық кітапхананың оқырмандар залында әнші-жыршы, термеші, айыскер ақын, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғавлиевтің 65 жасқа толған мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби- сазды кеште Қатимолла ағаның өмірі, өнер жолы туралы бейнефильм көрсетіліп, шәкірті Боранқұл Сәртөк домбырамен әннен шашу шашса, мектеп оқушылары Қатимолла ағаға арналып шығарылған ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Сонымен қатар Қатимолла ағаның ауылдасы, бала күнінен бірге өскен Уәли аға Қатимолла ағаның ауылдасы, бала күнінен бірге өскен Уәли аға Қатимолла аға мен жары Бәтима апа екеуінің отау құруы кезіндегі қызықты естеліктерімен де бөлісті.

Кешке қатысушылар мерейтой иесінің адамгершілік, қонақжайлылық қасиеттерімен қатар әзілді жаны сүйетіндігін де тілге тиек етіп, ізгі тілектерін жолдады.

 катимолла1