📚Кітап қай уақытта да құндылығын жоғалтпайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдниеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды фортматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық ролі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деген болатын.
📚Кітапхана – оқырман үшін үлкен тәрбие мекені. Сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі орда. Ауыл кітапханаларын модернизациялау жобасы аясында Казталов аудандық орталық кітапханасын «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен, «Тана» қоғамдық қоры модернизациялау жобасы бойынша кітапхана заман талабына сай қажетті жаңа технологиямен, қажетті құрал жихаздармен жабдықталып, кемел келешек үшін оқырмандарға қуаныш сыйлауда. Бүгінде кітапханамыз білім іздеген жастардың шығармашылығын дамытуға арналған жаңа форматтағы руханият ордасына айналып отыр.
📚Ұлт болашағына салынған үлкен инсвестиция - келер ұрпақтың рухани дамуының кепілі ретінде заманауи жабдықталған «Жаңа заман. Жаңа қоғам. Жаңарған кітапхана» атты салтанатты шарамызға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Чинкисбаева Ляззат Алтынбекқызы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Айсағалиева София Серікбайқызы, кәсіпкер, inDrive халықаралық сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Григорьевич Томский, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, «Тана» қоғамдық қорының басшысы Лукпанова Камила Асқарқызы, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы, аудан әкімі Асланбек Ахметтоллаұлы, облыстық және аудан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, мекеме басшылары, шақырулы қонақтар және оқырмандарымыз қатысты.
🔰Салтанатты шара Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлының құттықтау сөзімен ашылды. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Алтынбекқызы,«Тана» қоғамдық қорының басшысы Камила Асқарқызы өз лебіздерін білдірді.
Шарамыз кітапханалық шараларға арналған аймақтардың таныстырылымен жалғастырылды.
🔹Жайлылық кеңістігі - кітапхана фойесінде оқырман ақпараттық құралдармен, кітапханашы – библиографтан бағыт бағдар ала алады.
🔹 Интерактивті алаң аймағында кез-келген оқырман өз қажеттілігіне орай электронды e.gov.kz қызметі арқылы анықтамалар ала алады. Интернет жүйесіне еркін кіре алады, өздеріне қажетті кітаптарды электронды форматқа айналдыру арқылы кітаптарды жүктей алады. Сонымен қатар сайттарға кіре алады.
🔹Шығармашылық аймақ – «Алтын оймақ» клубының оқырмандары өз туындыларын көрсетті.
🔹Іс-шаралар аймағы (абонемент) - кітап алмасу аймағы. «Дарынды оқырман- дара тұлға» оқырмандар клубының мүшелері «Кітаптар сөйлейді» айдары бойынша шығарма кейіпкерлерінен үзінді көрсетіліп, шолу жасалды.
🔹Балалар шығармашылық бөлімі - Балалар бөліміне арналған аймақ. Балабақшадан 8 сыныпқа дейінгі балалар бұл аймақта ойын ойнап, сурет салып, шығармашылық қабылеттерін дамытып, әр түрлі ертегі кітаптар оқи алады. Оқушылар кітап туралы көркемсөз, келген қонақтармен «Салт-дәстүр- ұлттық тәрбиенің негізі» жобасы аясында сұрақ-жауап айдарымен ойын ойнатылды және оқырман мен кітапханашы арасында «Ой-сана» жобасының кітап оқу туралы подкаст таныстырылымы көрсетілді.
🔹«Елеулі жылдар белесінде»- тақырыбында биылғы жылдың атаулы мерейтой иелеріне арналған кітап көрме таныстырылды
🔹Оқу залы аймағы – оқырмандардың жәйлі отырып, шығармашылық атмосферада түрлі бағыттағы әдебиеттерді оқу аймағы. Бұл бөлімде ғылыми жобалармен айналысатын оқушылар өз жұмыстарына шолу жасады.
🔹Конференция залы - Бұл бөлімде ресми, бейресми шаралар өтетіндіктен келген қонақтарды жайғастырып, кітап оқу туралы «Мен оқыған 30 кітап» жобасының жеңімпаздарымен ой-талқы кеші өткізілді.
Шара соңында аудан әкімі Сарқұлов Асланбек Ахметоллаұлы алғыс тілегін білдірді.