«Мен оқыған 30 кітап» аудандық байқау жеңімпаздарымен сұхбат кеші.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаңа заман кітапханасы ұлттық сана мен руханият келбеті» облыстық кітапханашылар форумы аясында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында үшінші алаң бойынша «Мен оқыған 30 кітап» аудандық байқау жеңімпаздарымен сұхбат кеші оздырылды
Кешіміздің қонақтары 2023,2024 жылдың байқау жеңімпаздары Қараөзен мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы Бекет Жансая Нұрбекқызы, Тереңкөл мектеп бөбекжай кешенінің 11 сынып оқушысы Рахмет Нұрайым Нұрланқызы байқау барысындағы өз алған әсерлерімен ой бөлісті.
Шараны Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директорының орынбасары Қаракөз Қасымқызы құттықтау сөзімен ашып, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының орынбасары Нұрлыгүл Аяпқызы және Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Хамитқызы өз лебіздерін білдірді. Осы кешке қатысушы барлық көрермендер назарына екі жыл қатарынан өткізілген байқау барысы туралы бейне ролик ұсынылып, фото көрме шығарылды. Кітапханашыларды төрт топқа бөліп тренинг ұйымдастырылды.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу бағытында Казталов ауданында бұл үрдіс «Мен оқыған 30 кітап» байқауы өткен жылдан бастау алған болатын, жасампаз жоба дәстүрлі түрде өз жалғасын таба бермек.