Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

"Шоқтығы биік—бірегей талант"

426400542 3641036019545033 8234574646378066595 n426452942 3641036259545009 3365401426110253189 n426400542 3641036019545033 8234574646378066595 nБиылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында

қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКА көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу мақсатында Казталов модельді балалар кітапханасы "Шоқтығы биік—бірегей талант" атты тренинг Казталов мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларымен оздырылды. Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстырып, «Менің атым Қожа» фильмінің үзіндісі көрсетіліп, кино желісі бойынша оқырмандар сұрақтарға тапқырлықпен жауап берді.

Кітапханашы М. Каримоллина "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты кітап көрмеге шолу жасады.