Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Семинар

6 ақпан күні «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» тақырыбында семинар кеңес оздырылды. Семинар барысында 2023 жылдың атқарылған жұмыс есебінің қортындысы туралы аудандық кітапхананың әдістемелік бөлім және толықтыру- сұраптау бөлім жетекшілері әр кітапхана жұмыстарына тоқталып өтті. Семинарға барлық жүйе кітапханашылары қатысып, өздерінің ұсыныстарын талқылап, сұрақтары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсеткен кітапханашылар кітапхана директоры атынан «Алғыс хаттарға» ие болды.