Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

«Үздік жас кітапханашы -2024»

«Үздік жас кітапханашы -2024»
Казталов аудандық кітапханалар жүйесі бойынша кітапханашы мамандардың имиджін қалыптастыру, жаңашылдыққа ұмтылдыруға жол ашу, кітапханашылық білім дәрежесі мен интелектуалдылығы жоғары үздік мамандарды анықтау мақсатында аудандық "Үздік жас кітапханашы - 2024" байқауы оздырылды.
Байқауға жүйе бойынша 10 кітапханашы қатысып бағын сынады.
Байқау барысында кітапханашылар бір күндік жұмысымен, және оқырманға сапалы қызмет көрсету мақсатында құрылған жобаларын таныстырды. Байқаудың соңғы бөлімі кітапханалық жұмыстарына арналған тренингтер ұйымдастырып жарысты.
Топты жарып «Үздік жас кітапханашы -2024» номинациясын Жалпақтал модельді кітапханасының меңгерушісі Ғазезова Мөлдір Сайранбекқызы жеңіп алды. Қатысушы кітапханашылар номинация дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.