Қазталов ауданы әкімшілігінің Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

"Қазақтың дана Қадыры"

417783071 122112958514156130 7740852450015470822 n415509157 122112958586156130 2114602172551368681 nКазталов аудандық модельді кітапханасы және Бозоба ауылдық кітапханасымен бірлесе отырып, ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің туған күніне орай "Қазақтың дана Қадыры" атты шара оздырылды.

Шара мақсаты Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра деп жырлаған Қадыр ақын шығармашылығын дәріптеу.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, ақын өмірінен бейнеролик көрсетілді.
Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының кітапханашысы Бижанова Ғалия ақын шығармашылығына арнап баяндамасын оқып, Ибрашова Гүлбарам «Адамның бағасы», Бисенов Жанболат «Қаңтардағы қыр жолы» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Шара соңында кітапханашы Нигметова Мағия Бақтығалиқызы «Көркем сөздің-алыбы» атты кітап көрмесімен таныстырды.