Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысына сәйкес 24 қазан – Кітапханашылар күні болып бекітілген болатын. Айтулы кәсіби мерекеге орай бүгін ауданымызда аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың қатысуымен арнайы салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Асланбек Сарқұлов сөз алып, кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
- Кітап – біздің рухани қазынамыз болса, сол қазынаны көздің
қарашығындай сақтап, оқырман қауымға таныстырып, табыстырушы ол – кітапханашы!, – деп атап өткен аудан басшысы, ауылдардағы кітапханалардың материалдық базасы мен ғимараттарының жөндеуі кезең-кезеңімен жүзеге асатынын айтты. Сонымен қатар келесі жылдағы кәсіби мереке қарсаңында арнайы көрс
еткіштер бойынша сала үздіктерін анықтап, марапаттау жөнінде өз ұсынысын білдірді.

Кезек марапаттау сәтіне жетіп, Ақбалым Қажымұратова және Нұрсәуле Қойшекенова «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, Анаргүл Жұмашева облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен», Жауһар Бұқатова, Ләззат Қалиева және Айгүл Гайсина облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар, Гүлсім Хасанова, Аяжан Еслямғалиева, Жұмағаным Ахметова, Мейрамгүл Каримоллина, Жанна Әлімова, Мейрамгүл Айтжанова, Жансая Шайдоллина сынды кітапханашылар Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Еслямғалиұлының шығармашылығына арналған «Шығармалары – халық қазынасы, ұрпақ несібесі» тақырыбындағы облыстық байқаудың «Асқақ рухты өр тұлға» бағыты бойынша жеңімпазы Жансая Баянова ІІ дәрежелі дипломмен және Райгүл Алманова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Еңбек жолы конкурсына «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша қатысушы Қараоба ауылдық кітапханасының кітапханашысы Саида Темірболатова Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң оқушылардың арнайы құттықтауына кезек беріліп, саз мектебінің оқушылары «Кел, досым, кітапханаға!» әнін тарту етті. Поэзия блогында оқушылар кітап жайында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқыса, Ақпәтер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жансая 
Асқар қыхымен бірге «Ана мен қыз» әнін әуелете шырқады.


«Мен оқыған отыз кітап» аудандық байқауының жеңімпаздары Жансая Бекет, Ілияс Қайсағали, Толғанай Қыдырғалиевалар кітапханашыларға жүрекжарды лебіздерін арнап, өз өнерлерін ортаға салды. Жұлдыз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрсәуле Қойшекенова «Жолыққан қандай жақсы» әнімен шара қатысушыларын тәнті етті. Салтанатты мерекелік шара соңы «Кітапханашы» әнімен аяқталды.