"Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан."
-деп халқымыздың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлы әр адам өз орнын өмірден табу керектігін жырларында айтқан болатын. Адам өзінің орынын табу үшін әрине оның денсаулығы мықты болуы керек. «Дені саудың- жаны сау» деген ұғым осының дәлелі. Осы бағытты 20 қыркүйек күні Аудандық кітапханада "ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешімізге Казталов аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Жеміс Ғабдолнасырова және Казталов мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Казталов модельді балалар кітапханасы "Сиқырлы қобдиша" жобасы аясында "Нұрбалапан бөбекжай" балабақшаның "Ертөстік", " Алпамыс", "Болашақ" топтарына виртуальді кітаптың бетіндегі 3D анимация орналасқан жаңа әдебиеттер таныстырылып,ертегілер оқылды.